Құрметті тұрғындар!
Адам папилломасы вирусы (ВПЧ) – ең көп таралған вирустық инфекциялардың бірі. Оның кейбір жоғары онкогенді түрлері әйелдер арасында жатыр мойны обырының дамуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан ВПЧ-ның алдын алу және ерте анықтау – репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңызды бағыты.
ВПЧ инфекциясының алдын алудың негізгі шаралары:
Вакцинациядан өту;
Скринингтік тексерулерге уақытылы қатысу;
Гинеколог дәрігердің тұрақты бақылауында болу;
Салауатты өмір салтын ұстану;
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу.
Жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі – ВПЧ-ға қарсы вакцинация және скринингтік тексерулер. Ерте анықталған өзгерістер толық емделіп, ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіңіздер!
Бас дәрігердің орынбасары
З.И. Халходжаева


