Жаңалық

Жаңалық

Құрметті тұрғындар!

Адам папилломасы вирусы (ВПЧ) – ең көп таралған вирустық инфекциялардың бірі. Оның кейбір жоғары онкогенді түрлері әйелдер арасында жатыр мойны обырының дамуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан ВПЧ-ның алдын алу және ерте анықтау – репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңызды бағыты.

ВПЧ инфекциясының алдын алудың негізгі шаралары:

Вакцинациядан өту;
Скринингтік тексерулерге уақытылы қатысу;
Гинеколог дәрігердің тұрақты бақылауында болу;
Салауатты өмір салтын ұстану;
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу.

Жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі – ВПЧ-ға қарсы вакцинация және скринингтік тексерулер. Ерте анықталған өзгерістер толық емделіп, ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіңіздер!

Бас дәрігердің орынбасары
З.И. Халходжаева

Жаңалық

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру және оны қалай алуға болатыны туралы сұрақтар келіп түседі.

Айта кетейік, «Сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде – келіп түскен төлемдер негізінде беріледі.

Есіңізде болсын: МӘМС-тегі мәртебе соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлемдер болған жағдайда сақталады. Бір айға төлем жасалмаса, Сіз «сақтандырылған» мәртебесінен айырылып, жүйе аясында медициналық көмекті дер кезінде алу мүмкіндігін жоғалтасыз.

Сондықтан өз мәртебеңізді келесі тәсілдер арқылы жиі тексеріп тұруды ұсынамыз:

  • eGov.kz порталы арқылы – жеке кабинетіңізде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз бен аударылған жарналар туралы ақпарат қолжетімді
  • msqory.kz сайтында
  • Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында
  • Damumed мобильді қосымшасында
  • банктердің мобильді қосымшаларында
Жаңалық

МӘМС аясында сапалы медициналық көмек – №12 қалалық емханада!

Шымкент қалалық №12 емханасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тұрғындарға кең ауқымды медициналық қызметтер қолжетімді.

МӘМС мәртебесі бар азаматтар келесі қызметтерді пайдалана алады:
✅ бейінді мамандардың қабылдауы;
✅ зертханалық талдаулар;
✅ профилактикалық тексерулер мен скринингтер;
✅ амбулаториялық емдеу;
✅ медициналық оңалту қызметтері;
✅ жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек.

Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз! МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді тексеріп, қажетті медициналық көмекті уақытылы алыңыз.

📍 Шымкент қалалық №12 емханасы – денсаулығыңызға сенімді серіктес!

Шымкент #Емхана12 #МӘМС #ӘМСҚ #Денсаулық #МедициналықҚызмет #Saqtandyrylu #Shymkent

Жаңалық

📢 Құрметті емхана емделушілері!

Сіздерді мазалаған кез келген сұрақтар, ұсыныстар мен өтініштер бойынша емхана әкімшілігінің Бас дәрігердің медициналық қызметтің сапасы жөніндегі орынбасары Әргешов Бахтияр Бегалиевичке тікелей хабарласа аласыздар.

🤝 Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз медициналық қызмет сапасын арттыруға және көрсетілетін қызметті жақсартуға ықпал етеді.

📞 Байланыс телефоны:
8 (747) 103-12-68

🏥 ШЖҚ «№12 қалалық емханасы» КМК әкімшілігі әрбір емделушінің өтінішіне жауапкершілікпен қарап, сапалы медициналық қызмет көрсетуге әрдайым дайын.

Сіздердің денсаулықтарыңыз – біздің басты құндылығымыз! 💙

Жаңалық

Еліміздің барлық аймақтарында жылдың суық кезеңі басталды.

Еліміздің барлық аймақтарында жылдың суық кезеңі басталды. Осы кезде суық тиіп, тұмауратып қалуыңыз әбден мүмкін.
📌Иммунитеті әлсіз, аурушаң жандар қыс бойы бір емес, бірнеше рет тұмау ауруына шалдығады.
❗️Енді көп ұзамай жұқпалы тұмау кең етек алып, ауырып қалу мүмкіндігіңіз бірнеше есе жоғарылайды.
🟢Ауруды өткеруді жеңілдетіп, тұмаудан сақтап қалуға вакцинаның көмегі жайлы естіген боларсыз.
✅️Тұмауға қарсы вакцинаның еш қаупі жок.
📍Ибрагим ата 113/1
☎️ 8778 896 12 12 (Call-центр)

Жаңалық

Хабарландыру

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
2023 жылдың 15-қыркүйегінен бастап 15-қараша аралығында емханаға еркін тіркелу
науқаны жүргізіледі. Сіздерді Ибрагим ата №113/1 де орналасқан Қаламыздағы
ең таңдаулы емханалардың бірі №12 Қалалық емханаға жаппай тіркелуге
шақырамыз! Білікті дәрігерлер топтасқан маңдайалды емханаға тіркелу мүмкіндігін
жіберіп алмаңыз. Емханаға тіркелу үшін жеке куәлік пен электрондық қолтаңбаңыз
(ЭЦК) болса жеткілікті.
Сіздің денсаулығыңыз біз үшін маңызды !
📍Ибрагим ата 113/1
☎️8778 896 12 12 (Call-центр)

Жаңалық

Уважаемые жители города Шымкента!

Уважаемые жители города Шымкента!
📌 Мы приглашаем вас прикрепиться к нашей поликлиники ГП N12
😊Мы ждем вас!
❓Если есть вопросы, пишите в комментариях!
📍АДРЕС : Ибрагим ата 113/1 📞ТЕЛ : 8778 896 12 12 (Call-центр)https://12gp.kz/wp-content/uploads/2023/10/document_5249007939078863013.mp4

Жаңалық

Қарапайым суық тию, тұмау

Қарапайым суық тию, тұмау, тамақ инфекциясы, норовирусты диарея, жедел бронхит, аллергиялық астма, пневмония және гайморит… Әр маусымның өз аурулары бар. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекцияларының жиі көбеюі күз мезгілінде болады. Жаздың ыстық күндерінен салқын ауа-райына ауысқанда біздің денеміз осы өзгеріске бейімделуге тырысқанда, аурулар есігімізді қаға бастайды!
📍Ибрагим ата 113/1
☎️ 8778 896 12 12 (Call-центр)

Жаңалық

2022 жылы №12 қалалық емханада CALL орталығы енгізілді

2022 жылы №12 қалалық емханада CALL орталығы енгізілді – емханаға нөмірді терудің бірыңғай нүктесі. Бұл қызметтің енгізілуінің арқасында емделушілеріміз электронды кезекті сақтау арқылы бір ай бұрын дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Науқастарды қабылдаудың жоспарлы кестесінде дәрігердің еркін бағдарлануының арқасында дәрігерлер жұмысын жоспарлау да тиісті деңгейге көтерілді.
📌Ибрагим ата 113/1
☎️ 8778 896 12 12 (Call-центр)

Жаңалық

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

👩‍⚕️Сіздерге 15 қыркүйектен бастап 12 қалалық емханаға еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталғанын хабарлаймыз!

🗓️Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді. Енді олар емханаға келісімшартпен немесе ЕРІКТІ медициналық сақтандырумен, сондай-ақ ЖҮКТЕЛГЕН медициналық сақтандыру шартымен барулары керек.

📍Жаңа ережелер ағымдағы жылдың 14 тамызында күшіне енді. Сіздерді Ибрагим ата көшесінде орналасқан 12 емханаға тіркелуге шақырамыз!