МӘМС аясында сапалы медициналық көмек – №12 қалалық емханада!
Шымкент қалалық №12 емханасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тұрғындарға кең ауқымды медициналық қызметтер қолжетімді.
МӘМС мәртебесі бар азаматтар келесі қызметтерді пайдалана алады:
✅ бейінді мамандардың қабылдауы;
✅ зертханалық талдаулар;
✅ профилактикалық тексерулер мен скринингтер;
✅ амбулаториялық емдеу;
✅ медициналық оңалту қызметтері;
✅ жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек.
Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз! МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді тексеріп, қажетті медициналық көмекті уақытылы алыңыз.
📍 Шымкент қалалық №12 емханасы – денсаулығыңызға сенімді серіктес!


